Мектепке дейінгі дайындық. 0-11 сыныптарға қабылдаймыз.

"iSchool" мектебі


«iSchool» жоғары білім беру стандартына негізделген білім беру мекемесі. Білім беру бекітілген оқу жоспарына сәйкес және жан-жақты білім беру бағдарламамен, классикалық білім беру және заманауи білім беру әдістерін қолданумен жүзеге асырылады.

Қалыптасқан білім жүйесімен бірге, «iSchool»-да эстетикалық және еңбекке баулу тәрбие әдістері үлкен орын алады. Кәсіби музыканттар, сүретшілер, әртістер оқушыларды актерлік шеберлікке, музыкаға, биге, сүрет салуға икемдейді, балалардың таланттарын ашуға көмектеседі. Мектепте ұл балаларға бөлек арнайы техникамен жабдықталған және қыздарға тігіншіліктің, аспаздықтың қыр-сырын меңгеруге арналған сыныптар жабдықталған.

Мектепте білім берудің барлық сатылары қарастырылған:

- академиялық мектептің білімі;

- үш тілде білім алу;

- қосымша білім.

Біздің мектептің негізгі қағидасы, ережесі– әр баланың жүрегіне жеке жол табу. Барлық сыныптарда 10–15 оқушыдан аспайды, сондықтан оқытушының уақыты тиімді жоспарланып, атқарылған жұмыс нәтижелі болады. Мектептің педагогикалық ұжымы білімдері жоғары деңгейдегі көрсеткіштерімен ғана емес, әрбір баланы жеке, дара тұлға ретінде қарап, қалыптастыруға үлес қосады.

«iSchool»-дың басты мақсаты – тәрбиеленушілерге ыңғайлы жағдай жасап, өздерін еркін сезінуге мүмкіндік беру. Балалар күнделікте мектепке келген кезде, өздерінің «екінші» сүйікті үйлеріне келгендей сезінуге, сонымен қатар ата-аналар балаларын уайымдап, мазасызданбау үшін барлық жағдайлар жасалынған!